Сен менің мінімді терме,
Мін деген менде жетерлік.
Жұмыр басты пендеде
Жетіп жатыр қателік.
Керек болсам аршып ал,
Періште етіп қасыңа ал.
Көкте емеспіз, жердеміз
Ашулансам басып ал.
Барынша менде тырысам,
Жақсылық үшін жұлысам.
Жөн айттып тезге саламын
Сəл қиғаштау бұрылсаң.
Теріс қылықты жөндеймін,
Сырқаттансаң емдеймін.
Жартың болып қалайын
Өзімді саған тең деймін.
Басқа бақыт іздемей,
Шаттықтан болар біздің үй.
Бір болайық мəңгіге
Бір бірімізге əй демей.
Сіз деп сыйла əрдайым,
Нашарлап тұрса жағдайым.
Жанымнан табыл қашанда
Ысыса егер маңдайым.
Бол мəңгі менің жанымда,
Жақсылық сыйла жаныма.
Əуреленіп қайтесің
Бос қиял мен сағымға.
Пендеге ештеңе жетпеген,
Мен соларға кектенем.
Қолдағы барды ұқсатқың
Айтпашы сөзді жоқ деген.
Көп тапсам егер тасыма,
Аздау болса жасыма.
Барымда сыйлап қалғайсың
Болмаспын мəңгі қасыңда.
Уақытша біздер жандармыз,
Бабаларымыздан қалғанбыз.
Солар кеткен сапардың
Іздерін біздер жалғармыз.
Болайын сенің жұмағың,
Арналар саған шуағым.
Нəпақа үшін кеткенде
Қолдаушым бол, тұмарым.
Тірімде менің арым бол,
Адал сүйген жарым бол.
Бұл өмір қамшы сабындай
Өмірде жолдас, сəнім бол.
Сабырмен жолдас болғайсың,
Мен сенем саған, қолдайсың.
Ақыл айтсам құлақ сал
Бұдан жаман болмайсың.
Сөйлесем бол тілімде,
Керек кезде күлімде.
Жердегі жұмақ ер үшін
Ол қашанда үйінде.
Аллам берсе ұл сыйла,
Қылықты етіп қыз сыйла.
Соларды бағып əлпеште
Ұрпақтарыма бұртима.
Жақсы əйел ерді ер етер,
Көргенсіз ерді жер етер.
Ата анамды сыйласаң
Құрметте боларсың сен бетер.
Азанға таңғы құлақ сал,
Иман жайында сұрап қал.
Барымда ақыл алғайсың
Жоқ болғанда жылап қал.
Мына бес күн тірлікте,
Үй жұмысын үлгірт те.
Жəйнамазбен бол жолдас
Жарығың болар түрнекте
Ақылымды айттым аз ғана,
Түсінгейсің наздана.
Қылығыңмен баурай бер
Уақыт бар бізде азғана.
Қайсар 30.03.2018