Бірімізді біріміз ұмытайық, Арадағы қатынасты суытайық. Ендігі қалған жерде жанымызды Өзгелердің жүрегімен жылытайық. Осыменен байланыста аяқталсын, Сезімдер енді бізді оятбасын. Бағыңды ашсын құдайым қалған жерде Жүрмегейсің бағыңды боятқансып. Мен тастаймын өтінем сенде таста, Мына менсіз басқадан өмір баста. Өртенетін түрі бар ойынымыз Тек менсіз қарайлағай жанға басқа. Ортақ болып жүрмейін табысыңа, Жаумасын бізге алланың қарғысыда. Келмейді біздің ортақ мінезіміз Сыймайды отбасының жарғысына. Келгенменен өзіңнен бала сүйгім, Келмейді қалған жерде менің күйгім. Сеніде күйдірмейін мінезіммен Жақсы бол жақсылықты ойға түйгің. Өкінбеймін сенімен жолыққанға, Дос болдың сезімімнен торыққанда. Мың алғыс дəл қазіргі досым саған Мен кетемін өзіме орныққанда. Ұмытамын сен тұратын ауданыңды, Тілеймін сенің жалғыз қалмауыңды. Жақсы адамсың өмірді мен сұраймын Тек қана жақсы адаммен жалғауыңды. Кеш емес əлі де дос иманға кел, Таусылмасын абырой жыйған бедел. Тағдырың тағы сені сынға алмасын Жүрмесінші атыңды шимайлап ел. КЕШІР КЕШІР КЕШІР Қайсар 02.04.2018

Теги других блогов: поэзия дружба жизнь